21.11.2014
Аймақ басшысы Семей қаласы мен Речников ауылындағы бірқатар ЖЭС-тар мен жылу қазандықтарын жұмысымен танысып қайтты.
Аталып өткендей, Д.Ахметов шаһар басшылығына Семейдегі жылу жүйесін дамыту жолдарын ойластыруды тапсырды.
«Мен жайдан-жай көптеген жылу қазандықтарды аралап шықпадым. Жасыратыны жоқ, жұмыс жүйеге қойылған. Бүгінде көмір проблемасы шешілген, жалпы мемлекет Семей қаласын жылумен қамтамасыз ету үшін 33 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Қазіргі таңда өзгеде мәселелерді шешу керек екені айдай анық», - деді облыс әкімі.
Әкімнің айтуынша, қаланың сол жағалауында қуаттылығы жоғары жылумен қамтамасыз ету жүйелері салынған, енді қала басшылығы жылу жүйесі қаланың сол жағалауындағы қуатты жаңғыртуға шыдас бере алады ма соны анықтап, сәйкесінше шаралар қабылдауы керек.
«2025 жылы қалай өмір сүреміз, қала халқының саны қаншаға жетеді соны нақты білу керек. Біз Елбасы жариялаған Бағдарламамен үндесуіміз үшін қолымыздан келгенін жасауға міндеттіміз. Себебі, генерация үлкен қуаттылықты бере алады, ал жүйелік шаруашылық оны игере алмауы ғажап емес. Семей қаласының әкімі алдында осы жағдайларды үндестіру міндеті тұр», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Бұдан басқа, Даниал Ахметов жұмыс сапары аясында автобус, трактор, жүк көлігі өндірісімен айналысатын «СемАЗ» зауытының және бірқатар өзгеде нысандардың тыныс тіршілігімен танысып қайтты. Онда ол қызметте тек сәттілік тілеп қана қоймай,бірқатар тапсырмаларда берді.