• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша үйлерді салу 2015 жылдың басында жүзеге асады – Б.Сағынтаев 20.11.2014

«Қазіргі уақытта біздер тұрғын үй салудың жаңа механизмдерін әзірлеудеміз. Бағдарламаға сәйкес өзгертулер желтоқсан айында енгізіледі. Ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан еліміздің барлық өңірлерінде жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша үйлердің құрылысы басталады. Қазіргі уақытта біз аталған қаржының қандай көлемі сатып алынатын үйлерге, қанша пайызы жалдамалы үйлерге бөлінетін қарастырудамыз», - деді Б.Сағынтаев. 

Оның айтуынша, жаңа бағдарламаны қаржыландыруға келетін болса, вице-премьердің атап өтуінше, жалдамалы тұрғын үй құрылысы жүргізілетін аудандарға инженерлік желілер тарту және құрылысты жобалауға 35 млрд теңге бөлінеді.

«Сонымен қатар, жалдамалы тұрғын үй құрылысы үшін «Бәйтерек» холдингіне 0,1 пайыздық ставкамен 30 жылға 145 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», - деді ол.  

Сондай-ақ, оның айтуынша, тұрғын үй құрылысына 250 млрд. теңге бөлінеді. Бұл қаржыға шамамен 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысына Ұлттық қордан бөлінетін 145 млрд теңгеден бөлек те қаржы қарастырылады. Атап айтқанда, 2013-2014 жылдарға арналған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына 29 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған болса, қазақстанның ипотекалық компаниясы қор нарығында 2017-2019 жылдарға арналған 50 млрд. теңге сомасындағы облигацияларды орналастырады. Бұдан бөлек, басқа да қаржы көздерін баспана құрылысына 25,8 млрд теңге тартылады.

 «Жалпы, әкімдіктердің мәліметінше, баспана сатып алуға кезекте 300 мың қазақстандық тұр. Жаңа бағдарлама аясында салынатын пәтерлер ең бірінші кезекте әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың кезегінде 300 мың адам тұр. Оның 376-сы - Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 43638-і - жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар, 130 303-і - халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі, 124 мыңы - бюджет саласының, мемлекеттік қызметтің, және әскери қызметтің қызметкерлері, 752-сі жалғыз баспанасы апатты танылған азаматтар», - деді ол. 

Индира Қауметова 


Back to the list