• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б.Сағынтаев: Қазақстанда жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту үшін қосымша 160 млрд теңге бағытталады (ФОТО) 20.11.2014

«Елбасының қойған міндеттерінің ішінде жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту  жұмыстарын жылдамдатуға басымдылық берілген. Осы ретте жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту үшін қосымша  2015  жылы 109 млрд теңге және  2016 жылы 102,4  млрд теңге бөлінетін болды», -  деді сөз басында Б. Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары атап өткендей, осы салада жыл соңына дейін заңнамалық базаны қалыптастыру және республикалық бюджеттен субсидия бөлу мәселесін реттеу керек. «Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және дамыту банкі, Азиялық және Исламдық даму банктерімен  республикалық бюджетте 91,5 млрд теңге бағытталады», - деп толықтырды  Сағынтаев.

Б. Сағынтаев хабарлағандай, ЕҚҚДБ-мен бірлесіп Қызылорда облысында сумен қамтамасыз ету және оны бұру жүйелерін жаңғырту жобасы шеңберінде жұмыстар басталып кетті.

Индира Кауметова


Back to the list