• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры 3 мың қазақстандық отбасының мәселесін шешті (ФОТО) 18.11.2014

«Жылжымайтын мүлік қоры Астана, Алматы мен Алматы облысында шамамен 1 млн шаршы метрлік 20 кешен құрылысын аяқтады. Бұл өз кезегінде қордың 3 мыңдай салымшысын үймен қарық қылды. Құрылыс барысында 180-дей құрылыс және мердігер компанияларымен әріптестік құрылып, 300 шақты құрылыс материалдары мен құрылғы өндірушілермен жұмыс істедік», - дейді.

Сонымен қатар, басқарма төрағасының айтуынша, аталмыш бағдарлама алғаш рет жалақылары әр деңгейдегі азаматтар санатын үймен қамтамасыз ету талаптарына жауап бере отырып, елдегі баспанамен қамту шараларына өзіндік үлесін қосады. «Қордың мақсатты аудиториясы орта деңгейдегі жалақы мөлшеріне ие еңбекке қабілетті азаматтар», - дейді Б.Палымбетов.

Палымбетов пікірінше, аталмыш бағдарпаманы жүзеге асыру аясында жылжымайтын мүлік қоры 2013 жылы Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалалары мен Алматы облысында тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша қаржыландыру келісіміне қол қойды.

Индира Қауметова

Суретке түсірген Азамат Алиев

 

 


Back to the list