18.11.2014
«Бүгінде Жылжымайтын мүлік қоры 2382 пәтерді пайдалануға берді, ҚР-ның Жарлығына сәйкес пәтерлерді Жылжымайтын мүлік қоры жергілікті атқарушы органдарға (ЖАО) бөліп беру үшін тапсырды, яғни біз қалай үйлерді салып бітеміз, бірден алдын-ала әкімдіктерге тапсырамыз», - деді ол.
Басқарма төрағасының айтуынша, әкімдіктер кезекте тұрғандарға ұсынады, кейіннен ЖАО қайтарып берген соң Қор оларды интернет арқылы бөліп береді. «ЖМҚ 1860 пәтерді ғаламтор арқылы ұсынды, 2014 жылдың 17 қарашасындағы жағдай бойынша аталмыш пәтерлерге қатысты 5 мыңнан астам өтініш қабылданды», - деді Б. Палымбетов.
Айта кетерлік жайт, өз кезегінде үлескерлердің проблемасын шешу үшін құрылған «Самұрық-Қазына» ЖМҚ қазіргі таңда «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын жүзеге асырумен айналысады.
Оның үстіне, «Самұрық-Қазына» ЖМҚ «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының бірінші операторы, бүгінде компанияның сайтына 12 мыңнан астам адам тіркелген.
Индира Кауметова