• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2017 жылға дейін үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер жойылады - БҒМ (Видео) 13.11.2014

«Елбасы өзінің Жолдауындағы алтыншы бағыт әлеуметтік инфрақұрылым бойынша бізге қосымша 70 млрд теңге қаражат бөлді. Бұл қаражат әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қолданылмақ. Жоспар бойынша 2014 жылдың аяғына дейін 30 мектеп қабылдануы керек. Оның 15-і үш ауысымды мектептерді, 15-і апатты жағдайдағы мектептерді алмастыруы тиіс», - дейді вице министр.

Оның айтуынша, 2017 жылға дейін елдегі үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі біржола шешімін таппақ.

«Қазіргі таңда республикадағы үш ауысымды 135 мектеп пен апатты жағдайдағы 85 мектептерді алмастыратын жаңа білім ошақтары 2017 жылға дейін аталмыш 70 млрд теңге есебінен салынып, елдегі үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі біржола шешімі таппақ», - дейді Е.Иманғалиев.

Бауыржан Мұқанов 


Back to the list