• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда ТКШ-ні жаңғыртуға жыл сайын  200 млрд доллар қаржы бөлінеді 11.11.2014

«ТКШ жаңғырту және су-жылумен қамту жүйесінің мәселесі баршамызға аян, бұл туралы Парламенттің барлық депутаты біледі. ТКШ инфрақұырылымы қаншалықты ескіргенін де білеміз. Есептеу бойынша қажет инвестиция көлемі 2 трлн теңге. Жыл сайын бұл салаға 200 млрд теңге бағыттайтын боламыз, ол 2020 жылға дейін созылады», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы атап өткендей, ТКШ жаңғырту саласының мәселесі осындай қарқынмен алдағы он жылда шешілуі тиіс.

«Бүгін ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту инвестициясы жоғары қызығушылыққа ие болып отыр, оған Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкі, Ислам даму банкі және жеке инвесторлар көз салып отыр. Ұзақмерзімді тарифтер арқылы инвестиция тартуды қамтамасыз ету керек. Тарифтердің өсуін болдырмау үшін мемлекеттің қосымша қаржыландырғаны керек. Бұл орайда жаңғырту жүйесін жеделдету жылына қосымша 100 млрд долларды бөлуді қажет етеді», - деді Н.Назарбаев.

Камила Амирова


Back to the list