07.11.2014
« «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралынан 5 бағыттаушы газ құбырын салуға және Арал, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған және Байқоңыр қаласына автоматты газ тарату станциясының құрылысын салуға 23 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартуға келісім жасалды. Бұл жұмыстар алдағы үш жылдың ішінде аяқталады», - деді ол.
2013 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 13 автоматтандырылған газ тарату стансалары құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі мен елді мекендерді газдандыру үшін жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді.Облысты кешенді газдандырудың бірінші кезеңінде 21 елді мекенді отынның осы түрімен қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Бұл жұмыс жоспар бойынша жүзеге асқан кезде облыс аумағының 70 пайызы газбен қамтамасыз етіледі.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры құрылысының алғашқы кезеңі аяқталды. Оның 900-дей шақырымы облыс аумағынан өтеді. Енді жергілікті билік аталған магистральды газ құбыры арқылы Қызылорда облысын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесін қолға алынды.
Индира Қауметова