• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2015 жылдың көктемінде Қызылорда облысында күкірт зауыты салынады – әкім 07.11.2014

«Бағдарлама мақұлданды, Үкімет жол картасын қарады, көктемде біз күкірт зауытының құрылысын бастауға мүдделіміз, оның құны 253,2 млн доллар, техникалық негіз дайын. Кәсіпорын жылына 160 мың тонна күкірт өндіретін болады», - деді әкім.

Сондай-ақ, ол жобаны сәтті жүзеге асыру үшін арнайы дайындалған мамандар керек екенін атап өтті. Белгілі студенттер саны Ресейге аталмыш сала бойынша оқытылуға жіберілді.

«Бірінші рет өз түлектерімізді Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары – Мәскеудің болат және қорытпа институты мен Санкт-Петербург дамушы полимерлер технологиялық университетінде оқуға жіберіп отырмыз. Бұдан басқа 365 бітіруші түлекке аймақ экономикасына қажетті мамандықтар бойынша облыс әкімінің гранты бөлінді», - деді ол.

Айта кетерлігі, жоба 600 жұмыс орнын ашуды көздеуде, оның орташа пайдасы 46,3 млн долларды құрпайды.

Индира Қауметова


Back to the list