06.11.2014
Орталық-Оңтүстік дәлізін реконструкциялау аясында Анар-Осакаровка учаскесінің 1353,5-1363,5 аралығында жолдың оң жақ қапталына соңғы 400 м цемент-бетон жамылғы төселді.
«Қазіргі таңда бетон жамылғыдағы жіктерді герметизациялау жұмыстары аяқталып келеді. Сонымен бірге, жол белгілерін орнату және жолдың ұзына бойын таңбалау жұмыстары атқарылуда», - делінген хабарламада.
Цемент-бетон жамылғысы тиісті төзімділігіне жеткеннен кейін қараша айының орта шеніне қарай жолдың осы қапталы бойымен автокөліктердің қозғалысы ашылатын болады.
Жолдың сол жақ қапталында негіздің төсеніш, төменгі және жоғарғы қабаттарын жайғастыру жұмыстары аяқталып, цемент-бетон жамылғысын салу жалғасуда.