05.11.2014
«Біз ҮАААЖ жобасының соңғы кезеңіндеміз.Инвесторларға алдағы уақытта ұсынатын құжаттар топтамасын жасақтауды жақын арада аяқтаймыз деген ойдамыз. Біз желтоқсанның 9 күні Лоданда ЕДҚҚБ қолдауымен әлеуетті инвесторлармен кеңес өткізуді жоспарлаудамыз»,- деді Е. Досаев.
Ведомсвто басшысы толықтырып өткендей, аталмыш жобаны жүзеге асыру келер жылдан басталады. «Бұл жоба осындай масштабтағы алғашқы жоба және ол жаңа құндылықтарды тартады, сонымен қатар инвесторлар үшін жақсы негіз болады»,- деді ол.
Министрліктің берген мәліметіне сәйкес, капитал сыйымдылығы жоғары ҮАААЖ сынды жобалардың тартымдылығын арттыру мақсатында заңды түрде несиеберуші мен мемлекет арасында тікелей келісім жасау мүмкіндігі заңнамаға енгізілді. Сонымен қатар, халықаралық арбитажға жүгіну мәселесі де ескерілді.
ҮАААЖ жобасы екі кезең бойынша жүзеге асырылатын болады. Бұл өз кезегінде жоба бойынша дайындық жұмыстарының мерзімін 2-3 жылдан 6-9 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Е.Досаев, ЖКС одан ары нығайту жолында халықаралық ұйымдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының белсенді қатысуымен «Мемлекеттік жеке серіктестік туралы» заңының жобасы жасақталғанын тілге тиек етті. «Аталмыш заңнаманы қабылдау МЖК қатысушылары мен пайдалану кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік береді»,- деп түйді Ұлттық экономика министрі.
Камила Амирова