• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 2015 жылы 5 онкологиялық орталық жаңартылады - ДСӘДМ (Брифинг бейнебаяны) 04.11.2014

«Елімізде онкологиялық қызметті жаңғырту және дамыту шаралары қабылдануда.  2014-2015 жылдар ішінде 5 онкологиялық орталық жаңғартылады. Атап айтар болсақ, Семейде жыл соңына дейін ядролық медицина орталығы құрылады»,- деді С.Мусинов.

Вице-министр атап өткендей, - Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында дәл осындай орталық 2015 жылы құрылады.

««100 мектеп-100 аурухана» жобасы аясында 92 клиника бой көтерді, олардың ішінде перзентханалар, балалар ауруханасы мен емханалар бар. 2016 жылы 350 емхананың құрылысын аяқтау көзделген»,- деп толықтырды ол.

Сондай-ақ ведомство басшысының орынбасары еске салып өткендей, еліміздегі тас жолдардың бойында 26 медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді. «Біз  40 инсульт орталығын аштық, тағы 30-ын ашуды жоспарлаудамыз», - деді ол.

С.Мусинов атап өткендей, елімізде өмір сүру ұзақтығы мен бала өлімі және туберкүлездің таралуы бойынша көрсеткіштер біршама жақсарды.

Камила Амирова


Back to the list