• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
А.Пуполе: Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың  әлеуеті зор 03.11.2014

Бұл туралы БҰҰ Орталық Азияға ескертпелі саясаты бойынша өңірлік орталығының саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Арманде Пуполе Қазақстан, Қытай мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің тәуелсіз сараптамалық құрылымдары мен мемлекеттік сарапшыларының қатысуымен жаңа форматта өтіп жатқан ОКҚ-дағы «Қазақстан-2050: Шығыс пен Батыс арасындағы жаңа құрлықтық өткел» атты дөңгелек үстел отырысында.

«Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жол байланысы – солтүстік пен оңтүстік бағыттарын кеңейтетін ауқымды жоба. Иранның парсы шығанағына шығатыны анық. Осы орайда Қазақстанның Иранмен арадағы ынтымақтастығы елге үлкен мүмкіндіктер ұсынатыны анық. Иранның ішкі саясатын бағатын боламыз, жалпы Иранның осы орайда әлеуетінің жоғары екені талассыз», - дейді.

Сонымен қатар, БҰҰ Орталық Азияға ескертпелі саясаты бойынша өңірлік орталығының саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Арманде Пуполенің айтуынша, Каспий өңіріндегі жағдай да аталмыш жобаға өз әсерін тигізбей қоймайды.

Өз кезегінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми қызметкері Евгений Хон Қазақстан үшін Иранмен арадағы ынтымақтастықтың мәні зор екені, өйткені Иранның парсы шығанағына шығатыны үлкен әлеуеттерге жол ашатынын айтты. Бұл тұрғыда Қазақстанның осы арқылы тасымал әлеуеті де ұлғаймақ.

«Қазақстанның басқа басқа емес, Иранда порт ашуы өте маңызды. Біздің Қазіргі таңда Қытайдағы Ланьюнган порты бар. Енді Қазақстан Ирандағы Чабахар портына инвестиция салу келісімдерін бастап кету керек», - дейді Е.Хон.

Индира Қауметова


Back to the list