• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атбасарда 45 отбасы пәтер кілттеріне ие болды (Фото) 30.10.2014

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы осы жылғы сәуір айында басталған болатын, жалпы құны – 331 млн теңге. Үйде 10 бір бөлмелі, 26 екі бөлмелі және 9 үш бөлмелі пәтер бар.

Баспана кілтін облыс әкімі Сергей Кулагин табыстады.

«30 қазан жағдайына сәйкес Атбасарда жаңа баспана кілтіне 74 отбасы ие болды, 135 отбасы осы жылдың қараша-желтоқсан айында алады. Бұл мақсаттар үшін 45 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Су басу жағдайына душар болған адамдар жыл соңына дейін баспанамен қамтылады», - делінген хабарламада. 


Back to the list