29.10.2014
Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның 2-еуі «Гранд», 2-еуі «Бизнес», 14-і «Турист» санатындағы вагондар болса, 1 вагон-мейрамхана, 1 вагон-бар және 3 техникалық вагон бар. Отандық «Тұлпар-Тальго» зауытында шығарылған вагондардан құралған құрам күнара қатынайтын болады.
«Жол жүру бағытындағы аялдамалар келесідей: Сары-Өзек, Үштөбе, Матай, Ақтоғай, Аягөз, Шар. Өскемен қаласына дейінгі жол жүру уақыты – 17 сағат 45 минутты құраса, кері бағытта – 17 сағат 08 мнутты құрайды», - делінген хабарламада.
Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2014 жылдың 1 қазанынан «Жолаушылар тасымалы»АҚ үстіміздегі жылғы 14 қарашадан бастап жолға аттанатын «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыз жеңілдікке ие болады. Пойыздың жүрер уақыты жақындаған сайын және сұранысқа байланысты билет құны өзгеретіндігін айтып өту керек.