22.10.2014
«Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының аясында 2010 жылдан бері барлығы 217 мектепте дейінгі білім мекемесі ашылса, оның 81 балабақша, 136 шағын орталық. Осы уақыт ішінде 1 ден 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту - 15,9% пайызға өскен. 3 пен 6 жас аралығында - 22,3%», - делінген хабарламада.
Облыс әкімдігінде, 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамтуға байланысты Елбасының тапсырмасына сәйкес облыста 2014-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарлама қабылданды.
2013 жылы барлығы 18 балабақша, 2 шағын орталық ашылып, онда 3115 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған болатын. Оның ішінде 2 бөбекжай республикалық, 1-уі облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа соғылған. Жекеменшіктен қайтарылып алынған 4 балабақшада - 510, бұрын бөбекжай болған 3 ғимаратты қалпына келтіруден соң – 560 орын ашылса, 7 жекеменшік, мектептер жанынан 75 орындық 2 шағын орталық, балабақшалардан 485 бөбекке арналған қосымша топтар жұмыс істеуде.