22.10.2014
«Спорт кластері орналасқан Өскеменнің Сол жағалау бойын алдағы 2-3 жылда адам танымастай өзгеретін болады. Кешенде жақын арада дарынды балалар үшін ғаламтор қосылады. Сонымен қатар, велошабандоздарға және ат спортымен айналысатындарға жаттығу алаңын жасақтау жсопарлануда», - делінген хабарламада.
Жалпы, аймақта бой түзеп келе жатқан әр спорт кешенінің өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, жеңіл атлетика бойынша манеш неміс технологиясымен жабдықталған және манеж 680 қонаққа есептелген. Ал, Күрес сарайы болса бірнеше деңгейден тұрады және жарыстарды өткізу алаңы 1200 қонаққа есептелген. Жабық бассейнде халықаралық талаптарға сай, заманауи технологияларды пайдалана отырып салынған. Онда түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады және халықтың келіп демалуына барынша жағдай жасалған.
«Тек соңғы 3 жылда облыста 300-ден астам спорт кешені пайдалануға берілді. 2014 жылы тағы 50-ден асам нысанды іске қосу жоспарланған. Бұл өзкезегінде жыл сайын спортпен шұғылданатын адамдар санының артуына септігін тигізеді. Жергілікті жұрттың 28,4% салауатты өмір салтын таңдады», - деп түйді аймақ басшысы Б. Сапарбаев.