21.10.2014
«2030 жылға қарай бас кестеге сай мына көрсеткіштер бағындырылады: ішкі нарық көлемі 11 млрд-тан 18 млрд-қа артып, аталмыш бағдарламаны іске асыруға салынған инвестиция сомасы 656 млрд теңгені құрайды, көгілдір отынмен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 988 мыңнан 1 млн 621 мыңға дейін артады», - дейді ол.
Сонымен қатар, вице-миннистрдің айтуынша, 2030 жылға қарай 13 облыстың көгілдір отынға деген мұқтаждығы жойылмақ.
«Абоненттер санының артуы 1,4 млн-нан 2,9 млн-ға артады, отбасы мүшелерінің орташа саны коэффицентімен есептесек, онда көгілдір отын 5 млн адамның орнына 12 млн адамға қолжетімді болмақ. Жаңа газ құбырларының құрылысы мен олардың 28 мың шақырымнан 57 мың шақырымға дейін ұзартылуы көзделуде. Сонымен қатар, 13 облыс халқының қазіргі газбен қамтамасыз етілген 32 пайызының орнына 56 пайызы газды қолдана алатын болады», - дейді Қарабалин.
Индира Қауметова