21.10.2014
«2013 жылы біздің компаниямыз Қазақстанда өңделген мұнайдың 67 млн тоннасын тасымалдаған. Ал осы жылдың тоғыз айында шамамен 46 млн тонна мұнай тасымалдадық»,-деп мәлім етті ол.
Басқарма төрағасының айтуынша, Қазақстанда өңделген мұнай батыс,шығыс өңірлерде, Балтық, Қара теңіз, Жеророрта теңіздерінің бассейндеріне шығарылады.
«Біздің компанияның көліктік әлеуетін ескере отырып, Қазақстанда мұнай өндірудің жоспарына сәйкес, жаңа көліктің жүйе құру бойынша үнемі жұмыс істейміз. 2013 жылы Қазақстан-Қытай, Атасу-Алашанькоу учаскелерінде 20 млн тонна қуаттылыққа ие мұнай құбырының өткізу жүйесі аяқталды», - деді ол.
Қ.Қабылдиннің айтуынша, экспорттық қуаттылық Каспий құбыры желісінің консорциумы арқылы жүзеге асады, ол осы жылы қуаттылығын 30 млн-нан 42,5 млн-ға жеткізуді жоспарлауда.
«2016 жылға қарсы жүйе 50 млн-ға дейін кеңейтіледі. Казтрансойл мұнай құбырының кеңеюі Қазақстанда өңделетін мұнайды қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді», - деді ол.
Индира Қауметова