20.10.2014
«2014 жылы республикалық бюджеттен 11 млрд 847 млн теңге 698 үйдің жөндеу жұмыстарына бөлінді. 140 баспананың жөнделу жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда 1360 жөндеуге қойылған баспананың 1352-і жөнделді, 8 баспанада жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - деді Өскенбаев.
Ведомствода хабарлағандай, тұрғын үй коммуналды -шаруашылық қызметін жаңғырту бағдарламасы бойынша 2015 жылға қарсы 24,4 мың км желіні, оның ішінде 1,1 мың жылу желісі, 3 мың км –газ желісі, 20,3 мың км –электр желісін жөндеуден өткізу жоспарланған.
«Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылған жылдары күрделі жөндеуді қажет еткен үйлердің үлесі 32-ден 28 пайызға төмендеген. 2011-2012 жылдары бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 17 млрд 842 млн теңге бөлінді», - деді ол.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне, Ұлттық экономика министрлігіне, Қаржы министрлігіне, жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй коммуналды-шаруашылық саласындағы проблемаларды жойып, сапалы жұмыс істеуге бағытталған жұмыстар бойынша ұсыныстар жіберілетін болады.
Камила Амирова