19.10.2014
Қоныс тойын тойлаушылардың қатарында – көп балалы және жас отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әлеуметтік жағдайы төмен ауылдық жерлерден көшіп келген отбасылар және жетімдер бар.
Қуаныш иелерін облыс әкімі Қ.Көшербаев құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.
««Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында биыл Қызылорда қаласында барлығы 22 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 750 отбасы баспаналы болады. Елбасының салиқалы саясатының арқасында баспана мәселесін шешіп жатырмыз», - деді Қ.Көшербаев.