18.10.2014
«Қазірге кезде іс-шара аясында бұл жоба жүргізіліп жатыр – ол Оңтүстік-Шығыс ауданы. Ол 2011 жылы басталған және осы уақтқа дейін едәуір бөлігі аяқталды. Келесі жылы қаржыландыру нәтижесінде жоба аяқталады. Қазір 600 тұрғын үй толықтай желілермен қамтамасыз етілді (соның ішінде 2 көпқабатты үй), 5 мыңдай тұрғынның ендігі еш мәселесі жоқ. Сонымен қатар, 2011-2012 жылдары алабтарды дамыту Концепциясының аясында энергетика және коммуналды шаруашылық Басқармасы осы бағытта Комсомольский, Қараөткел, Заречный аудандарында жұмыс атқарды, бұл нысандарда жұмыс аяқталды», - деді П. Кулагин.
Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, аталмыш Концепция негізінде Астананың іргесіндегі аудандарда инженерлік желілер тарту және жол құрылысыен жүргізу көзделіп отыр. Оған қоса бағдарлама аясында аудандар абаттандырылады. Бұл жұмыстардың барлығы қала алабтарының инфрақұрылымын жақсартуға айтарлықтай көмектеседі.