15.10.2014
Атап өткендей, бүгінде Зачаганск ауылында 8 үй салынуда, олар үш санат бойынша: кезекте тұрғандарға (2 үй), барлық санаттағы тұлғаларға (4 үй), жас отбасына (2 үй) беріледі.
«Жас отбасы санаты бойынша ағымдағы жылы 3 ақпан мен 3 наурыз аралығында құжат қабылданды. 180 пәтерге (2 тұрғын үй) 874 өтініш келіп түсті. Осылардың арасында тек 180 адам іріктеуден өтті. Келесі күні соның 172-сі өздерінің төлем қабілеттіліктерін дәлелдеді. Тағы 8 отбасы банктің мақұлдауын күтіп отыр», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін кезектегілерге 60 және 100 пәтерлік екі үй тапсырылмақ.
Қаладағы барлық санаттағы үміткерлерге арнап «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 4 үйі салынуда. Осынау бағдарламаға қатысу үшін биылғы жылдың 15 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында құжаттар қабылданды. Бас-аяғы 37 пәтерге 467 өтініш қабылданды. Қазір олар іріктелуде.
Кезектегілер арасында бірінші кезекте халықтың аз қамтылған тобы ілігеді. Олар жетім балалар, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлер, сонымен қатар үйлері апаттық жағдайдағы отбасылар.