15.10.2014
Әсіресе, халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау жағдайына айрықша назар аударылды.
Тақырып бойынша баяндама жасаған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың атап өткеніндей, бұл бағытта қолға алынып жатқан негізгі жұмыстар қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, мүгедектердің тыныс-тіршілігінің негізгі саласындағы қызметтер мен нысандардың қолжетімділік жағдайын бағалау, қолжетімді ортаны қалыптастыру жолындағы мақсаттарды жүзеге асыру, жүргізіліп жатқан саясатты ақпараттық қолдау болып табылады.
Жалпы ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінде дейін 24 мыңнан астам нысан түгенделіп, оның 18,5 мыңы бейімдеуді қажет ететін нысандар ретінде анықталған. Өткен 9 айдың ішінде 745 нысан бойынша бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында белсенді қолға алынуда.ҚР-да 1462 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасалған.
Сонымен қатар, бейімделген нысандардың сапасын бақылау да басты назарда. Ол бойынша бүгінгі күні 315 нысан тексерілсе, оның 123-і талапқа сай емес.
Отырысқа мүдделі мемлекеттік органдар мен мүгедектер қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысып, ғимараттардың техникалық жүйесінің, көлік құралдарының, жол белгілерінің мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты тұстарын жан-жақты түгендеді.
«Жиын қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар көрсетілген арнайы ұсыным қабылданатын болады», - делінген хабарламада.