14.10.2014
«Қазіргі кезде жаңа қондырғыны орнатуға, су құбырын өткізуге, подъездік жолды салу, электр және сумен қамту жүйесін орнатуға арналған дайындық жұмыстары аяқталды. Нысанның одан әрі қалыпқа келтірілуі мен кейбір мекемелердің құрылысына жоғары көлемдегі құрылыс материалы енгізілді», - делінген хабарлмада.
Айта кету керек, элеваторды қалпына келтіру жұмыстары барысында ауылдың 40 тұрғыны жұмыспен қамтылып, еңбекақы орындалған тапсырмаға қарай айына шамамен 40 мыңды құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі 2015 жыл деп күтілуде.
«Жарқайың ауданының инвестициялық портфелінің пулын құру кезінде басты міндеттемелердің бірі экономикаға жеке меншік инвестиция тарту болып табылады. Бірінші кезекте бұл біздің өңірде жұмыс істеуге ниетті инвесторларға қолайлы жағдай жасау. Осы тұрғыда біз жұмыстарды қолда бар ресурстар туралы аудан экономикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты тарату арқылы оң имиджді қалыптастырудан бастадық. Инвесторлар алдында үлкен міндеттемелер тұр. Ауданға ірі көлемде инвестиция тартуға жайлы орта қалыптастыра отырып экономиканың өсіміне жан-жақты алғышарттар қолға алынбақ. Осы арқылы елдің әлеуметтік жағдайы жақсармақ», - дейді аудан әкімі.