14.10.2014
«Бір үйдің ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Әр үй үш бөлмеден тұрады. Барлық инфрақұрылымдық жүйелер жүргізілген. Ішінде қонақ, ас үй, екі жатын, жуынатын бөлмелері бар», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, аудан орталығы Махамбет ауылында «Балапан» бағдарламасы аясында 280 орынға негізделген су жаңа «Алтын-Ай» балабақшасының құрылысы өткен жылы сәуір айында басталып, жоспарланған уақытында пайдалануға беріліп отыр.
Бұл балабақша аудандағы ең үлкен балабақша. Мектепке дейінгі мекемеде 12 топ ашылып, әр топта 2 тәрбиешіден жұмыс жасайды. Сондай-ақ, тағы да қосымша 75 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.