13.10.2014
«2014 жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметін жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2 механизм бойынша 32 жыл ішінде тұңғыш рет тоғыз қабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеудің жалпы құны 25,5 млн теңгені құрады. Жөндеу жұмыстары терможаңғырту және энергия тиімділігін ескеріп жасалды. Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров жүргізілген жұмыстармен танысып, жергілікті халықпен кездесті», - делінген хабарламада.
Тұрғын үйде соңғы 20 жыл бойы жұмыс істемеген лифт ауыстырылды. Мердігер фирма шатыр, инженерлік жүйе мен қойманы жөндеуден өткізді, ол даладағы температураға сай жылу беру үрдісін реттеп отырады.
«Тұрғын үй 20 пайыз электрді үнемдейді. АКК басымдығын тұрғындар қыс мезгілінде сезінетін болады. Келесі жылы жаңғырту бағдарламасының құрамындағы үйлердің аулаларында балалар алаңы орналастырылады», - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, тағы бір тоғыз қабатты тұрғын үйде осы сынды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш баспанада соңғы 40 жылда жөндеу жүргізілмеген еді. Құрылысшылар соңғы жұмыстарды аяқтауға шақ қалды. Оның жөнделу құны – 61,4 млн теңге. Жаңа лифт орнатылып, жертөлеге АКК қойылды. Жөндеуге кеткен қаражатты 7 жыл ішінде тұрғындардың өздері қайтарады. Есеп бойынша, айына әр пәтер 7000 теңгеден төлейді, аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйлік жәрдемақы қарастырылған.