12.10.2014
«Заман талабына сай жабдықталған балабақшада сәбилерге арналған физиотерапия, ем қабылдау, инголяциялық кабинеттер жұмыс жүргізеді, сондай-ақ балаларды табиғатты аялауға баулу мақсатында қысқы бақ ашылып, жүзу бассейінімен қамтылған», - делінген хабарламада.
Ғимарат құрылысын «Жаңа құрылыс 2002» ЖШС жүргізді. Балабақшаның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі А.Аймұрзаев барлық тиісті талаптарға жауап беретін мұндай балабақшаның ашылуы аудан үшін үлкен қуаныш екенін айта отырып, осы балабақшада тәрбиеленген ұрпақ денсаулығы мықты, зейінді болып жетілетініне сенім білдірді.
Ауданда ашылып отырған балабақшалар саны жыл санап артып отырғандығына тоқталған аудан басшысы Созақ өңірінде мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының орындалуы 75 пайызды құрап отырғандығын жеткізді. Жыл соңына дейін Тасты ауылында да тағы бір мектепке дейінгі ұйым ашылатынын мәлімдеді.
Жыныс ата елді мекенінің тұрғындарын қуанышқа бөлеген бұл мерекеде ән мен жырдан шашу шашылды. Шаттанған сәбилердің қуанышында шек болмады. Сондай-ақ ауыл тұрғындары да өздерінің жүрекжарды тілектерін арнап жатты.