11.10.2014
Аудандық аурухана 70 орынға шақталған, мекеме «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт пен емхананың құрылысы» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды.
Құрылыс жұмыстарына алғашқы кезде 300,0 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс алаңында іргетастың құрылысына жер дайындалып, су құбыры жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы құрылыс нысанының 11 пайызын жүргізу жоспарланған.
Құрылыс-монтаждық жұмысының көлемін аяқтап, аудандық аурухананы 2015 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Сондай-ақ, Державинскте аурухана құрылысымен қатар Валиханов ауылында ауылдық дәрігерлік амбулатория 25 ауысыммен салынуда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Пятигорск ауылында СВА жөндеу жұмыстары жүргізілуде.