• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Апатты және 3 ауысымды мектептерді жаңғырту үшін 2015 жылы 73 млрд теңге бөлінеді – БҒМ 07.10.2014

Апатты мектептерді жою үшін Білім министрлігі бесжылдық жоспар әзірледі. «Көптеген облыстардағы апатты мектептердің мәселесін үш жыл ішінде шешеміз. Жоғары демографиялық өсімі бар облыстарда аталмыш проблеманы шешу 5 жылды қажет етеді. Әрбір облыспен үшжылдық меморандум жасалды, онда республикалық бюджетің қызметі бекітілген. Біз республикалық бюджет қаржысымен үлкен мектептерді салудамыз, ал облыстар жергілікті бюджеттің қаражатына мектеп салу жауапкершілігін алды», - деді министр.

Жалпы, республика бойынша 180 апатты мектеп тіркелген. Оған қоса, Шығыс Қазақстан облысында – 36, Қызылорда облысында – 25, Оңтүстік Қазақстан облысында – 48.

Ведомство басшысы атап өткендей, 2015 жылы апатты және 3 ауысымды мектептерді жаңғырту мен жаңа мектеп, жатақхана салуға 73,9 млрд теңге қарастырылған.

Соынмен қатар, Қазақстанда 3 ауысыммен оқитын 104 мектеп бар, оның ішіне Алматы облысындағы 51 апатты мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 32 мектеп, Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 мектеп кіреді.

«Осы жылы мектеп оқушыларының саны 70 мыңға көбейді. Бұл демографиялық өсім мен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының көтерілуімен байланысты. Осы жылы біз 150 мектеп салдық, оның 70-і республикалық бюжет есебінен қаржыландырылды», - деді ол.

Камила Амирова


Back to the list