• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 20 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталды – әкімдік 06.10.2014

Аула аймақтарында балалардың 13 ойын алаңы мен 6 спорт алаңы салынып, 206 қоқыс жәшігі, 194 орындық, 11 сәкі мен 40 жарықтандырғыш тірегі орнатылды.

Сонымен қатар, жалпы ауданы 38 043,15 шаршы метрлік асфальт төселді, 1 589,92 шаршы метр жерге тас төселді. Осынау аулаларға 45 метал гараж әкелініп, 295 орындық көлік тұрағы салынды.

57 мекен-жайға асфальтті-бетон қаптамасы төселіп, 17 жердің көгалы мен гүлзарларына қоршау орнатылды.

Бұдан бөлек, жаңа көлік тұрақтары салынып, 16 жерде жаңа жаяу жүргіншілер жолы салынды. Ағымдағы жұмыстар мен балалар ойын алаңын салу бағдарламасынан бөлек қосымша балалардың 34 ойын алаңы мен 5 спорт алаңы салынды.


Back to the list