04.10.2014
Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы мен Ақсу қаласының Қалқаман ауылдық аймағында бір-бір мектептен салынбақ. Баянауыл ауданы Майқайың ауылында да 1 қыркүйекте жаңа мектеп құрылысы аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша облыстың Май ауданы мен Ақсу қаласында 1550 орындық екі мектеп салынады.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауылдық жерлердегі 56 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 940 млн теңге бөлінді.
Қазіргі таңда 819 млн теңге жергілікті бюджет қаражатына 68 нысан жөнделді.