• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысына 18,2 млрд теңге инвестиция салынды – облыс әкімі 03.10.2014

Оның айтуынша, өңірде бүгінге дейін 223,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 2,2%-ға артық. 1580 отбасына жаңа пәтер берілді. Сонымен қатар қазіргі таңда әлеуметтік саланың 43 нысанының құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, оның 17-сі биыл пайдалануға берілмек.

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру әлеуметтік саланы дамытуға оң әсер етуде. Соңғы 3 жылда апаттық мектептер үлесі облыс бойынша 1,5-тен 0,5%-ға азайды.

«1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтамасыз ету көлемі 87,3% құрайды. Дегенмен әлі күнге дейін балабақша тапшылығы күн тәртібінен түсер емес. Осыған орай келер жылы біз 3 балабақша құрылысын қолға аламыз. Оның әрқайсысы 320 орындық. Жыл сайын 3 балабақшадан салуды жоспарлап отырмыз. Демек жыл сайын облыс бойынша 1000 орындық балабақшалар ашылады деген сөз», - дейді әкім.

Оның айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мен жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Оқу жылының басынан бері дуалды білім беру жүйесін енгізген колледждер саны 17-ден 27-ге артты.


Back to the list