• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда облысында жаңа мектеп ашылды 03.10.2014

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, мың шақты адам тұратын ауыл бүгінге дейін білім ошағынсыз келген. Өткен ғасырда салынған бұрынғы мектеп апаттық жағдайда еді. Былтыр заманауи жаңа мектептің құрылысы қолға алынып, биыл пайдалануға беріліп отыр.

«Жаңа мектепте білім ордасының мақтанышына айналатын шәкіреттердің өсіп шығуын тілеймін. Жаңа ғимарат салынды, енді ұстаздарға қойылар талаптар да күшейе түспек. Жарты жыл бойы облыста 37 мектеп салынған. Ал Жаңақорған ауданында өткен жылы 6 мектеп пайдалануға беріліп, ал биыл бұл көрсеткіш 5 мектепке дейін артты. Бұл білім беру саласына көрсетілген үлкен қолдау», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев білім ордасының ашылу салтанатында.


Back to the list