01.10.2014
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚТҚЖБ желісі бойынша көппәтерлі тұрғын үй салынды.
«Бағдарламаға қатысушылар 12 қыркүйектен 1 қазанға дейін сатып алушылар пулы мен тұрғын үйді жалға алушылардың төлем қабілеттілігіне қайта бағалау жүргізу үшін банкке құжаттарын өткізуге тиіс болатын», - делінген хабарламада.
Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, банк төлем қабілеттілігін растаған Бағдарлама қатысушыларының тізімін аптасына бір рет Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына жолдап отырады. Аталған ведомство сатып алу-сату келісімін жасап, оны Астана қаласының Әділет департаментінде тіркеу үшін төлем қабілеттілігін растаған Бағдарлама қатысушыларын шақырады. Келісімдер Әділет департаментінде тіркелген соң несиелеу процедурасынан өткізу үшін банкке жіберіледі.
Еске салайық, 2014 жылы Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында 272 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы қолға алынды. Оны 2015 жылы аяқтау жоспарланған.