• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елбасы Ақтау портын  кеңейту жобасымен  танысты 01.10.2014

«Елбасына жобаны жүзеге асыру барысы туралы кеңінен баяндалды. Жобаға сәйкес, қуаты жылына 1,5 миллион тонна болатын астық терминалын, сондай-ақ негізгі жүктер мен контейнерлерге арналған, қуаты жылына 1,5 миллион тонна болатын екі терминал салу есебінен порттың жүк ауыстырып тиеу мүмкіндігін жылына 19,5 миллион тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде порттың жалпы алаңы 22 гектарға ұлғаяды. Құрылыстың бірінші кезеңін 2014 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысына сондай-ақ Каспий теңізіндегі порттың, транскаспий бағытының және Маңғыстау облысының көлік торабының инфрақұрылымын дамыту турасында баяндалды.

Сонымен қатар, еңбек ұжымының өкілдерімен әңгімелескен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның теңіз қақпасы ретіндегі маңызы өсе беретін, портқа мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отырғанын айтты.

Елбасы «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС-ның теңізге арналған металл конструкциялар зауытына барды. Нысанды аралау кезінде Мемлекет басшысына кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды және «KMG Drilling & Services» ЖШС үшін арнап жасалған, өзін-өзі көтеретін, Қазақстандағы алғашқы бұрғылау қондырғысы таныстырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен әңгімелескен кезінде кәсіпорынның шығаратын өнімдері өңірді және бүкіл мұнай-газ кешенін дамыту үшін маңызды екеніне тоқталды, сондай-ақ олардың жұмыстарына жаңа жетістіктер тіледі.

 


Back to the list