• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамытуға 47 млрд теңге бөлінді 01.10.2014

Ақмола облысы әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі таңда Бурабай ауданында жалпы құны 2 617 млн теңге болатын кәріз жүйесін  тазарту құрылғыларының құрылысы жүріп жатыр. Жоба тәулігіне 10 000 куб метр суды тазартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2 390 млн теңгенің қазандығы салынуда. Нысан 2015 жылдың қазан айында пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек,  жолдар да жөнделуде.

Сондай-ақ, ауданның  инфрақұрылымы жақсаруда. 75 пәтерлі екі  үйдің құрылысы жүріп жатыр. Щучинск қаласында 1 млрд 300 млн теңгенің 900 балаға арналған мектеп құрылысы да жоспарда тұр. Мектеп 2015 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі.

Жиында облыс әкімі бюджет қаражатын дер кезінде игеру туралы нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, нысандардың сапасына да мән беру керектігін айтты.


Back to the list