29.09.2014
«Облыстың спорттық өміріндегі осынау айтарлықтай оқиға биылғы жылдың ақпан айындағы Қостанай қаласының әкімдігі мен «Фаэтон» компаниясы» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның жемісі болып отыр. Меморандум аясында мекеме стадионды, әкімшілік ғимаратты, асфальт төсемесін қалпына келтіру міндетін мойнына алып, жасанды шөпті шағын футбол алаңын абаттандыратын болды. Сонымен қатар, 300 орындық көрермендер орнын да салу туралы келісімге келді», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде конькимен сырғанау, велосипед спорты мен жеңіл атлетика спорттарының түрлері бойынша жеткіншектердің шынығуы мен облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі үлкен жарыстарға дайындалуына айтарлықтай жағдай жасалынды.