26.09.2014
«Соның бірі қаладағы негізінен тас өңдеумен айналысатын кәсіпорын. Зауыттың қуаттылығы жылына 5 мың текше метр тасты өңдеп, құрылыс жұмысына қажетті өнім шығарады. Бүгінде кәсіпорында 49 адам жұмыс жасайды. Олардың орташа еңбек ақысы 82 653 теңгені құрайды», - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Сонымен қатар, осы күні шаһардың Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында 220 пәтерлік 4 көпқабатты үй пайдалануға берілді.
Нысандар «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында бой көтерді.
Сондай-ақ, облыс басшысы Талдықорғанға қарасты Өтенай ауылында қалпына келтірілген 150 орындық балабақшаның ашылу салтанатына қатысты.