22.09.2014
Кеңесте БҚО әкімі, қайта салу жобасы авторы, мердігер, әуежай басшылығы және техникалық бақылау жөніндегі ұйымы қатысты.
«Келесі жылдың өзінде-ақ Оралдағы жасанды ұшу-қону жолағының (ҰҚЖ) жағдайы қауіпсіздік талаптарының нормаларына сәйкес келеді және әуежайға қазіргі заманғы әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді деп күтілуде», - деп хабарлады ведомство.
Қатысушылардың баяндамаларын тыңдағаннан кейін ҚР инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек жиналғандарға жұмыстың орындалу барысына тиісті бақылау ұйымдастыруды, пайдаланылатын материалдардың сапасын жіті бақылауда ұстауды және олардың барлық техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ, жоба құжаттарының талаптарын сақтау және жұмыстарды бекітілген кесте бойынша орындалуы қажеттігі атап өтілді.
Оралдағы әуежайдың ҰҚЖ-ның салмақ көтеру қабілетінің әлсіздігінен бұдан бұрын ауыр салмақты ұшақтарды қабылдай алмауы салдарынан рейстер санын азайтуға мәжбүр болғандығы белгілі.Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталатын әуежайдың ҰҚЖ-ні қайта салу көлемі артығырақ қазіргі заманғы әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік ашады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында кейінгі 10 жылда Қазақстанда 13 ҰҚЖ қайта салынғандығын естеріңізге саламыз. Қалған 5 әуежайдың ҰҚЖ-н қайта салу жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланған.