19.09.2014
«Кешенде бокс, дзюдо, таэквондо, ауыр атлетика залдарын ашу жоспарланған. Нысанда табиғи газон төселген футбол алаңы бар, оның айналасына жүгіру жолы төселеді. Сондай-ақ, турниктер мен қолды жаттықтыратын құрылғылар орнатылады», - деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы өңірде 3 спорттық нысанды жүзеге асыру басталды. Олар Тарбағатай ауданының Ақсауыт ауылында спорттық модуль және Катон-Қарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде байқаулық үрдістер жүргізілуде.