• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Көкшетау қаласының көшелерінде  видеобақылау камералары орнатылады 17.09.2014

«Бұл туралы Ақмола облысының ішкі істер департаментінде «Қауіпсіз аула» бағдарламасы туралы өткен отырыста мәлім болды. Шараға пәтер иелерінің кооперативі басшылары, жеке кәсіпкерлер мен әкімдік өкілдері, уческелік инспекторлар қатысты.», - делінген хабарламда.

Бағдарламаның басты мақсаты әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдай жасау. Оқыс оқиғаларда тыныштықтың сақталуы мен облыс орталығының тұрғын үй алаңдарында олқылықты болдырмау. Халықтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету назарға алынады.

Айта кетерлігі, видеобақылау камералары көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында орнатылды. Тағы 8 көпқабатты үйлердің тұрғындары камералармен жабдықтауға рұқсат берді.

«Қауіпсіз аула» бағдарламасын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен 34 млн теңге бөлінді. 


Back to the list