• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы әкімі Универсиада-2017 нысандарының құрылысын қадағалады 17.09.2014

«Қала басшысы 12 мың және 3 мың орынға арналған 2 Мұз айдынының құрылысымен танысты. Сондай-ақ,5 мың орындық  Атлетикалық  ауыл да назардан тыс қалмады», - деп хабарлады қала әкімдігі.

Қазіргі таңда Мұз аренасында 12 мың орынның жұмысы жасалды, іргетастың бетоны құйылып, жалғастыру галереясының жұмыстары аяқталды.

Атлетикалық ауылда құрылыс алаңының құрылысына дайындық басталды. Құрылыс ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында басталмақ.

«Атлетикалық ауылдың құрамына 5 мың орындық жатақхана, қызмет көрсету нысандары, дүкендер, интернет-кафе, тамақтану орындары кіреді», - делінген хабарламада.

Алматы басшысы салынып жатқан құрылыс нысандары халықаралық стандартқа сәйкес келуі керектігін  айтты.

«Барлық спорт нысандары Универсиада аяқталған соң,ел үшін жұмыс істеуі керек. Жобаларда спорттық және бұқаралық көңіл-көтеру шараларын өткізу қарастырылған», - деді А. Есімов. 


Back to the list