16.09.2014
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзіретті органдарының өкілдері өңір елдері арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін халықаралық автомобиль тасымалына қолайлы жағдай жасау туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.
«Осы келісім аясында алты халықаралық дәліз арқылы автомобиль тасымалына арналған ШЫҰ мүшелері өкілдері мен әр елдің жеңілдігін қарайтын бірлескен комиссия құру жоспарлануда», - дейді Ш.Нұрышев.
Сонымен қатар, ҚР СІМ Айрықша тапсырмалар бойынша елшісі халықаралық ұйым жұмысының басты бағыттарын атап көрсетті.
«ШЫҰ саясат, қауіпсіздік саласы мен экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық бойынша жұмыс істейтін көпфункционалды ұйым болып табылады», - дейді елші.
Индира Қауметова