• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да  17 су тазартқыш станса іске қосылды 10.09.2014

Су тазартқыш құрылымының қуаттылығы тәулігіне 20 мың текше метр  сарқынды суды сүзгіден өткізеді. 

«Сонау 70 жылдары салынған бұрынғы су тазартқыш стансасы халқы жыл санап өскен қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсете алмайтын еді және талай жылдан бері жөндеу көрмей тозығы жетіп тоқтап қалған болатын.  Содан бері қаладан шыққан қалдық су шаһар сыртына төгіліп келген. Бүгінде осы көлшікте жиналған судың көлемі 5 мың м3 құрайды», - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ, бүгінгі таңға сарқынды су жүйелеріне қаладағы тұрғын үйлердің және әлеуметтік нысандардың 15 пайызы ғана қамтылған еді. Енді жаңа құрылыстың нәтижесінде қаладағы 250 мың жалпы тұтынушыларды толық сарқынды су жүйесіне қосуға мүмкіндік туып отыр. Жобаларды жүзеге асыруға жалпы 5,4 млрд теңге көлеміндегі қаржы жұмсалды.

  


Back to the list