• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жыл соңына дейін үш жедел пойыз іске  қосылады - «Жолаушылар тасымалы» 09.09.2014

«Биылғы жылдың 8 айында Ұлттық тасымалдаушы 13,6 млн жолаушы тасымалдап, соның ішінде тек жазғы үш айдағы жолаушылар ағымы 5,9 млн адамды құраған. Бұл жалпы көрсеткіштің 43%-ы. Бұл өткен жылғы жаз айларымен салыстырғанда 27 мың жолаушыға артық», - делінген хабарламада.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, жедел поездар қыметіне деген сұраныс артып келеді. Жаз айларында жедел поездардың тасымалдаған жолаушылар саны 298 мыңды құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 76 мың адамға артық.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ сапалы қызмет көрсету мақсатында жаз айларында 122 бағытта қатынаған. Соның ішінде Астана-Сарыағаш, Астана-Лениногорск, Ақтөбе-Орал бағыттары күнделікті тәртіпке ауыстырылды. Сонымен қатар, Астана-Қарағанды бағыты болса аптасына екі реттен үш ретке дейін көбейтілді. Астана-Бурабай демалыс орны бағыты да аптасына бір рет емес, екі реттен қатынайтын болды», - делінген хабарламада.

Астана-Шымкент бағыты бойынша 2 шілдеден бастап, Алматы-Ақтөбе бағыты бойынша 1 тамыздан бастап қос бірдей жедел пойыз іске қосылды. Биылғы жылдың соңына дейін бұлардың саны Астана-Қызылорда, Астана-Өскемен, Алматы-Өскемен бағыттарымен толыға түспек.


Back to the list