09.09.2014
4 аудан орталықтарына (Арал қаласы, Әйтеке би кенті, Шиелі кенті және Жаңақорған кенті) және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысы мен квартал ішілік газ құбырлары салынбақ.
Қазіргі таңда, аталған жұмыстар бастау алды. Жоба бойынша жұмыстар толығымен аяқталған сәтте облыс халқының 23% газбен қамтамасыз етілетін болады.