04.09.2014
«Грузия елшілігінде аталып өткендей, Қазақстан екі ел арасында инвестиция мен туризмді дамытуда алдыңғы шепте келеді. Гурияның Туризм ұлттық агенттігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес 2013 жылы өткен жылдармен салыстырғанда Қазақстаннан Грузияға барған туристердің саны 39%-ға, 2014 жылдың 8 айында 45%-ға арты», - делінген хабарламада.
Департаментте атап өткендей, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енген Грузияның «Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың қағидасы туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Грузиямен визасыз режим орнатылған (НАТО қатысушы елдер, Еуроодаққа қатысушы елдер, ТМД) елдердің азаматы онда визисыз 90 күн және 180 күн бойы бола алады, бұл халықаралық тәжірибеге сай.