• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанаға жыл соңына дейін 190 су жаңа автобус жеткізіледі 04.09.2014

Жыл басында Астанада көлік модернизациясы және «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын жүзеге асыру аясында IVECO көлік құрастырушы зауытымен автобустарды Елордаға жеткізу туралы келісімге қол қойылған болатын.

«Жаңа автобустар жолаушылар тасымалы сапасын анағұрлым арттырып, қаланың экологиялық жағдайына да оң әсерін тигізетін болады. Қызмет қосымшаларының толық жиынтығымен жабдықталған бүгінгі заман талаптарына толық жауап беретін бұл көліктер Астананың аязды қысына бейімделіп жасалған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар автобустар бейнебақылау, жолаушыларды санау, WI-FI, валидатормен және жолаушыларды ақпараттандыру жүйесі құрылғыларымен жабдықталған.

 


Back to the list