27.08.2014
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай қаладағы Жеңіс саябағына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бас аллеяны абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ. «Бас аллеяда ҰОС ұрыстарының ақпараттық тақтасы орнатылмақ. Жобаға сай саябақ кіреберісіне соғыстың басты ұрыстары мен басты оқиғалары көрсетілетін болады», - дейді қаланың сәулет және құрылыс басқармасының жетекшісі Валерий Затай.
Оның айтуынша, осынау сәулет туындысы қызыл мәрмар таспен көркемделетін болады. Батырлардың төсбелгілерін қоладан дайындау қарастырылған.
«Саябақ аймағының көгалдандырылуы есебінен ағаш отырғызылып, гүл егіледі. Сонымен қатар, жол бойына орындықтар, шамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылмақ», - дейді басқарма басшысы.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов өңірдің ардагер активтеріне 7 күн ішінде саябақты толықтай жөндеу жұмыстарымен танысуды ұсынды.